27
май
2025
«БҰРЫМДЫ ШАШ» челленджі

✨ «БҰРЫМДЫ ШАШ» ЧЕЛЛЕНДЖІ
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2024–2025 оқу жылындағы тәрбие жоспарына сәйкес мектепте «Бұрымды қыз» атты бір айлық челлендж ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, қазақ қызының бойындағы инабаттылық, әдептілік, әсемдік, сыпайылық, кішіпейілділік сынды қазақи қасиеттерді ұлықтау.
📍Челленджге белсенді қатысып, ерекше өнері және көркімен көзге түскен оқушылар:
6 “А” сынып оқушысы – Ражапова Бану
4 “В” сынып оқушысы – Насырова Султана
✨ Осы оқушылар мектептің «Бұрымды аруы» атанды!
🎥 Челленджден үзінділер:

