Аралық емтихан 2024 - 2025
Аралық емтихан тапсыру туралы хабарлама Мектебімізде 2024–2025 оқу жылының білім сапасын бағалау мақсатында бірқатар сыныптарда аралық емтихандар сәтті ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 6 «А», 8 «В», 10 «Г», 5 «В», 5 «Г», 7 «В», 8 «Г» және 8 «В» сыныптарының оқушылары емтихан тапсырды. Аралық бақылау оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін, ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын бағалауға бағытталды. Емтихан кезінде оқушылар жауапкершілікпен дайындалып, өз білімдерін сенімді түрде көрсете білді.